5 күн бұрын

Омар Сатаев грек-рим күресінен Азия чемпионатында күміс алды

Омар Сатаев грек-рим күресінен Азия чемпионатында  күміс алды

Фото: Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін грек-рим күресінен екінші жарыс күнінде Омар Сатаев (82 келі) күміс медаль алды.

Финалда қазақстандық балуан Иран балуаны Мохаммед Азиз Нагусимен белдесу өткізді. Тартысты бәсекеде ол қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Қазақстандық балуан жартылай финалда жапониялық Тайзо Ёшидоны қапы қалдырған еді.

Айта кетсек, бүгінгі жарыс күнінде ел құрамасынан Бақытжан Қабдыл (60 келі), Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Әділхан Сатаев (72 келі) және Ілияс Гучигов (97 келі) қарсыластарына есе жіберді. 

Айта кетсек, алғашқы жарыс күнінде ел құрамасы қоржынына бір күміс, екі қола медаль түсті. 

Ел құрамасынан Әлімжан Сыздықов (130 келіден жоғары) күміс жүлдегер атанса, Ибрагим Магомадов (77 келі) пен Шамиль Ожаев (87 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Құрлықтық дода 25-30 наурыз аралығында өтеді. Ел құрамасы еркін, грек-рим және әйелдер күресінен сынға түседі.

Әлем кубогы: Алғашқы қарсыластарымыз кім?

Бокс 54 минут бұрын

Әлем кубогы: Алғашқы қарсыластарымыз кім?

Михаил Шайдоров әлем чемпионатынан қанша сыйақы алады?

Басқа 1 сағат бұрын

Михаил Шайдоров әлем чемпионатынан қанша сыйақы алады?

Шай ішіп отыр едім: Нұралы Әліп ойынға дайын болмағанын айтты

Футбол 1 сағат бұрын

Шай ішіп отыр едім: Нұралы Әліп ойынға дайын болмағанын айтты

Максим Самородов «Ахматтың» сенсация жасауына көмектесті

Футбол 2 сағат бұрын

Максим Самородов «Ахматтың» сенсация жасауына көмектесті

Ғұсман Қырғызбаев 60 пен 66 келіде қандай айырмашылық болғанын айтты

Дзюдо 2 сағат бұрын

Ғұсман Қырғызбаев 60 пен 66 келіде қандай айырмашылық болғанын айтты

Василий Ломаченко рингке орала ма?

Бокс 2 сағат бұрын

Василий Ломаченко рингке орала ма?