4 күн бұрын
Азия чемпионатынан қазақстандық балуандар алтынсыз қайтты

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Иордания астанасы Амман қаласында грек-рим күресінен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстандық балуандар 2 күміс, 2 қола медаль алды.
Ел құрамасынан Омар Сатаев (82 келі) пен Әлімхан Сыздықов (130 келі) екінші орынға табан тіресе, Ибрагим Магомадов (77 келі) пен Шамиль Ожаев (87 келі) үздік үштікті түйіндеді.
Жалпыкомандалық есепте ұпай саны бойынша Иран (201 ұпай) көш бастаса, одан кейінгі орындарда Өзбекстан (168), Жапония (131), Қазақстан (98 ұпай) орналасқан.
Айта кетсек, алтын алған спортшыға 25 ұпай, күміске 20, қолаға 15 балл есептеледі.
Былтыр Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен құрлықтық додада грек-рим күресінің шеберлері 1 алтын, 2 күміс, 1 қола олжалаған еді.
