4 күн бұрын
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен бүгін бес балуан шығады

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Бүгін Иордания астанасы -Амман қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында қазақстандық бес балуан сынға түседі.
Ел құрамасынан Светлана Анкичева, Зүлфия Яхьярова, Гүлдана Бекеш, Ирина Казюлина, Эльмира Сыздықова бозкілемге шығады.
50 келі. Светлана Анкичева - Ю Лин (Қытайлық Тайпей)/Ти Донг (Вьетнам)
55 келі. Зүлфия Яхьярова - Отгонтуя Маянмух (Моңғолия)/Ёрим Ли (Оңтүстік Корея)
59 келі. Гүлдана Бекеш - Сарбиназ Жиенбаева (Өзбекстан)/Пиол Хон (Солтүстік Корея)
68 келі. Ирина Казюлина - Зелу Ли (Қытай)
76 келі. Эльмира Сыздықова - Ми Янг Ким (Солтүстік Корея)
Былтыр Бішкекте өткен құрлықтық додада еліміздің әйелдер құрамасы 4 қола алды. Олардың қатарында Лаура Алмағанбетова, Диана Каюмова, Анастасия Панасович, Эльмира Сыздықова бар.
