4 күн бұрын
Азия чемпионаты: Светлана Анкичева қола медальге күреседі

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстандық Светлана Анкичева Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль үшін күресетін болады.
Бұл жөнінде Спортты дамыту дирекциясы мәлім етті.
Спортшы 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға дейін жетті.
Бұл кезеңде ол қытайлық Ю Чжанмен кездесіп, қарсыласы айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша, Анкичева қола жүлде үшін белдеседі.
