4 күн бұрын
Гүлдана Бекеш Азия чемпионатында қола жүлдеге таласады

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Қазақстандық Гүлдана Бекеш (59 келі) Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен қола жүлдеге таласады.
Ол жұбаныш белдесуінде өзбекстандық Сарбиназ Жиенбаевадан басым түсті. Енді кешкі сессияда Гүлдана Қытай спортшысымен шеберлік байқасады.
Сондай-ақ бүгін Светлана Анкичева (50 келі) 3-орын үшін сайысқа түседі.
Ақтық айқастар Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Елімізде Азия чемпионатын Qazsport және Sport+телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Былтыр Бішкекте өткен құрлықтық додада еліміздің әйелдер құрамасы 4 қола алды. Олардың қатарында Лаура Алмағанбетова, Диана Каюмова, Анастасия Панасович, Эльмира Сыздықова бар.
