3 күн бұрын
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен алғашқы жарыс күнінде жүлде түспеді

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азя чемпионатының алғашқы жарыс күнінде қазақстандық балуандар жүджеге қол жеткізе алмады.
Ұлттық құрама спортшысы Светлана Анкичева (50 кг) жүлдеге бір табан жетпей тоқтады. Ол қола жүлде үшін белдесуде моңғолиялық бозкілем шеберінен жеңілді. Есеп: 0-3.
Ал Гүлдана Бекеш (59 кг) кіші финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері Се Мэньюйден (Қытай) оңбай ұтылды.
Еске сала кетейік, Гүлдана былтыр дәл осы Иорданияда өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында 3-орыннан көрінген.
Ирина Казюлина (68 кг) Азия чемпионатын 5-орында аяқтады: Ол қола медаль үшін белдесуінде үндістандық спортшыдан ұтылып қалды. Есеп: 2-12.
