4 күн бұрын
Азия чемпионаты: Жәмила Бақбергенова соңғы секундта жеңісті жұлып алды

Жәмилә Бақбергенова (72 кг) Иордания астанасында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатының жартылай финалында әлем чемпионы, палуаны Масако Фурутиді ұтты.
Еске сала кетейік, екеуі 2021 жылғы Ослодағы әлем чемпионатының финалында күрескен. Ол кезде Масако ұтқан.
Финалдар кешке Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Жәмиләнің қарсыласы Қытай палуаны.
Елімізде Азия чемпионатын Qazsport пен Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
