4 күн бұрын
Ризабек, Нұрқожа: Еркін күрес шеберлерінің Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластары кім?

Бүгін Иордания астанасы Амманда еркін күрестен Азия чемпионатының жеребесі тартылды.
Назарыңызға нәтижесін ұсынамыз:
57 кг, іріктеу – Рахат Қалжан - Жеонг Ан (Оңтүстік Корея)
61 кг, ширек финал – Мұхамед Балғабай - Жамшид Шафаров (Тәжікстан) немесе Ванхао Зу (Қытай)
65 кг, 1/8 айналым – Нұрсұлтан Садық - Жунсик Юн (Оңтүстік Корея)
70 кг, іріктеу – Начын Куулар - Ерназар Ахматалиев (Қырғызстан)
74 кг, 1/8 айналым – Нұрқожа Қайпанов -
Магомедрасул Аслуев (Бахрейн)
79 кг, ширек финал – Дәулет Ергеш - Какамират Аширов (Түркменстан) немесе Махди Мұхаммед Юсефихаджав (Иран)
86 кг, ширек финал – Болат Сақаев - Батбилгун Наадамбат (Моңғолия) немесе Салимжони Халимзода (Тәжікстан)
92 кг, ширек финал – Азамат Дәулетбеков - Лин Зушен (Қытай)
97 кг, іріктеу– Ризабек Айтмұхан - Мұхамед Рудансиах (Индонезия)
қазақстандық балуан жартылай финалға шыққан жағдайда, турнирдің басты фавориті – 2023 жылғы әлем чемпионы және Париж Олимпиадасының чемпионы Ахмед Тажудиновпен кездесуі мүмкін. Бахрейн атынан сынға түсетін дағыстандық балуан бірнеше жылдан бері жеңілмей келеді. Ал өткен жылдың сәуір айында дәл осы Айтмұханмен Азия чемпионатының финалында күрескен болатын. Сол кезде жеңіс 4:2 есебімен Тажудиновтың еншісінде қалған еді.
125 кг, іріктеу – Нұрсұлтан Азов - Таики Ямамото (Жапония)
Ертең 57, 65, 70, 79, 97 кг дейінгі салмақтағы үздіктер анықталады. Қалған 5 салмақтағылар 30 наурызда бозкілемге шығады.
Азия чемпионатын елімізде Qazsport пен Sport + телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
