3 күн бұрын

Жәмила Бақбергенова Азия чемпионатын ең көп жеңген балуан ба?

Жәмила Бақбергенова Азия чемпионатын ең көп жеңген балуан ба?

Күрес түрлерінен Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасынан 72 келідегі  Жәмила Бақбергенова барлық мықтыларды жеңіп, 4-мәрте Азия чемпионатында топ жарды.

Жарыс жолында ол Ким Се-Хиді (Оңтүстік Корея) мерзімінен бұрын ұтса, жартылай финалда басты фаворит, 2021 жылғы Азия чемпионы Масако Фуручиді (Жапония) соңғы секундтарда бозкілемнен шығарып, жеңісті жұлып алды. Финалда 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қытай өкілі Лю Югиден басым түсті. 

Осылайша, Жәмила өз мансабында 6 рет сары құрлықтың медалін (4 алтын, 1 күміс, 1 қола) еншіледі.

Азия чемпионаты 1979 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатса да, әйелдер күресі тек 1996 жылдан бастап бағдарламаға енгізілді.

29 жылдың ішінде аруларымыз 20 мәрте әнұрамызды шырқатқан.

Әйелдер арасында елімізден чемпион атанғандар:

Жәмила Бақбергенова (2020, 2022, 2023, 2025 жыл)

Татьяна Аманжол (2009, 2013, 2014, 2020)

Гюзель Манюрова (2010, 2011, 2012, 2014)

Елена Шалыгина (2009, 2012)

Эльмира Сыздықова (2021, 2023)

Светлана Ярошевич (2003 жыл, 72 келі)

Жұлдыз Ешимова (2007 жыл, 51 келі)

Валентина Исламова (2021 жыл, 50 келі)

Мадина Бақбергенова (2022 жыл, 68 келі)

Одан бөлек, отандастарымыз 17 күміс, 52 қола медаль да иеленген.

20 миллионның жыры: Асхат Тағыбергеннің «Тобылдағы» жалақысы белгілі болды

Футбол 43 минут бұрын

20 миллионның жыры: Асхат Тағыбергеннің «Тобылдағы» жалақысы белгілі болды

Мексикадағы сенсация: Қазақстандық теннисші Челленджер турнирінде топ жарды

Теннис 1 сағат бұрын

Мексикадағы сенсация: Қазақстандық теннисші Челленджер турнирінде топ жарды

Қазақстандық төрешілер Ұлттар лигасының матчында қазылық етеді

Футбол 2 сағат бұрын

Қазақстандық төрешілер Ұлттар лигасының матчында қазылық етеді

Mastercard – Freedom QJ League 2025 жылғы маусымда серіктестікті жалғастырады

Футбол 3 сағат бұрын

Mastercard – Freedom QJ League 2025 жылғы маусымда серіктестікті жалғастырады

Осы аптада қандай спорттық іс-шаралар өтеді?

Басқа 3 сағат бұрын

Осы аптада қандай спорттық іс-шаралар өтеді?

Жәнібек Әлімханұлының бокс кешіне дейін бірқатар ірі іс-шаралар өтеді

Бокс 3 сағат бұрын

Жәнібек Әлімханұлының бокс кешіне дейін бірқатар ірі іс-шаралар өтеді