3 күн бұрын
Жәмилә Бақбергенова – төрт дүркін Азия чемпионы

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Әйелдер күресінен қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды.
72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз ақтық белдесуде қытайлық Юйци Люды 4:1 есебімен жеңді.
Жәмила Науханнұрқызы Бақбергенова — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Азия чемпионатының төрт дүркін чемпионы (2020, 2022, 2023, 2025) және жүлдегері (2019, 2021). Әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері (2021, 2022) және қола жүлдегері (2023).
