2 күн бұрын
Азия чемпионаты: Ризабек Айтмұханның басты қарсыласы жарыстан шығып қалды

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Бахрейндік балуан Ахмед Тажудинов Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатына қатыспайтын болды.
Турнирге күш сынау үшін келген Ахмед 2024 жылғы Парижде өткен жазғы Олимпиадада алған иық жарақатына байланысты кілемге шығудан бас тартты.
Тажудинов өткен жылы Олимпиаданың алғашқы белдесуінде иығын жарақаттап алған болатын. Алайда, тəжірибелі балуан еш тайсалмай, жазғы ойындардың чемпионы атанған еді. Одан кейін бахрейндік спортшыға Швейцарияда ота жасалып, қалыпқа келу кезеңінен өтті.
Сары құрлық додасындағы Ахмед пен Ризабектің жолы 97 келіге дейінгі салмақ дəрежесіндегі жартылай финалда түйісу керек болған.
Еске салсақ, 2024 жылғы Азия чемпионатында Ризабек финалдық белдесуде дəл осы Ахмед Тажудиновке есе жіберген еді.
