2 күн бұрын
Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатында қола жүлде алды

Фото: Дене шынықтыру және спорт комитеті
Санаулы сəттер бұрын Азамат Дәулетбеков (-92 кг) Иордания астанасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Тәжірибелі отандасымыз жүлде жолында өзбекстандық Шерзод Пойоновты жеңді. Есеп: 2-1.
Бұл Азамат үшін сары құрлық бәсекесіндегі алтыншы медаль. Ол осыған дейін 86 кг дейінгі салмақта 3 алтын, 1 күміс, 1 қола алған.
