2 күн бұрын
Күрес: Азия чемпионатында неше жүлде бұйырды?

Иордания астанасы Амманда күрес түрлерінен ересектер арасындағы XXI Азия чемпионаты аяқталды.
Шешуші жарыс күні еркін күрестен Ұлттық құраманың бозкілем шеберлері 1 алтын, 1 күміс, 1 қола олжалады.
Нұрқожа Қайпанов (74 кг) – алтын
Болат Сақаев (86 кг) – күміс
Азамат Дәулетбеков (92 кг) – қола
Жалпы Қазақстан құрамасы бұл доданы (грек-рим, әйелдер, еркін күрес) 2 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте 5-орынға табан тіреді.
Біздің барлық жүлдегерлер:
- Нұрқожа Қайпанов (74 кг) – алтын
- Жәмилә Бақбергенова (72 кг) – алтын
- Әлімхан Сыздықов (130 кг) – күміс
- Ризабек Айтмұхан (97 кг) – күміс
- Болат Сақаев (86 кг) – күміс
- Омар Сатаев (82 кг) – күміс
- Азамат Дәулетбеков (92 кг) – қола
- Зейнеп Баянова (53 кг) – қола
- Ибрагим Магомадов (77 кг) – қола
- Шамиль Ожаев (87 кг) – қола
- Рахат Қалжан (57 кг) – қола
Былтыр Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен сары құрлық додасында Қазақстанға 2 алтын, 4 күміс пен 6 қола медаль бұйырған. Бұл жалпы есептегі 5-саты еді.
