1 күн бұрын

Жәмила Бақбергенова айдың үздік балуаны деп танылды

Жәмила Бақбергенова айдың үздік балуаны деп танылды

United World Wrestling (UWW) ұйымы 4 дүркін Азия чемпионы атанған отандасымыз Жәмила Бақбергенованы айдың үздік спортшысы деп жариялады.

72 келі салмақта күрескен Жәмила Бақбергенова жасындай жарқылдады. Ол Азия чемпионатының алғашқы айналымында оңтүстік кореялық Сехе Кимді айқын жеңді. Ал жартылай финалда жапониялық Масако Фуруитимен айқасты. Дәл осы спортшы 2021 жылы Осло­дағы әлем чемпионатының ақтық сынында біздің Жәмиланы жеңген еді. Бұл жолы да Фуруити 2:1 есебімен алда келе жатты. Бірақ бәсекенің аяқталуына бір секунд қана қалғанда Ж.Бақбергенова оны кілемнің сыртына итеріп шығарып, аса қажетті ұпайды қоржынға салды. Бұл шешімімен келіспеген жапондар қазылар алқасына шағым түсіргенгімен, өзгеріссіз қалды.

Финалда Жәмиланың жолы жастар арасындағы әлем біріншілігінің (U-20) күміс жүлдегері, Азия чемпионы (U-20) Юки Люмен қиысты. Бірінші кезеңде қытай балуаны белсеңді қимылдап, біздің балуанның еркін көсілуіне мүмкіндік бермеді. Үзілістен кейін қарқынын күрт күшейткен Жәмила қарсыласын әбден састырды. Ақыры 4:1 есебімен жеңіске жетіп, төрт дүркін Азия чемпионы атанды. Сөйтіп, Бақбергенова аталған жарыста олжалаған алтын медальдардың саны жөнінен Татьяна Аманжол, Гүзел Манюровамен теңесті. Бұл – балуандық өнерді серік еткен еліміздің бұрымдылары арасындағы ең үздік көрсеткіш.


ISU рейтингі жаңарды: Михаил Шайдоров үздік үштіктің қатарында

Басқа 1 сағат бұрын

ISU рейтингі жаңарды: Михаил Шайдоров үздік үштіктің қатарында

Қазақстандық футболшы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

Футбол 2 сағат бұрын

Қазақстандық футболшы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

«Астана» – «Ордабасы» арасындағы матчтың басталу уақыты өзгерді

Футбол 2 сағат бұрын

«Астана» – «Ордабасы» арасындағы матчтың басталу уақыты өзгерді

Top Rank Жәнібек Әлімханұлын туған күнімен құттықтады

Бокс 2 сағат бұрын

Top Rank Жәнібек Әлімханұлын туған күнімен құттықтады

Жәнібек Әлімханұлының қатысуымен баспасөз жиыны өтеді

Бокс 2 сағат бұрын

Жәнібек Әлімханұлының қатысуымен баспасөз жиыны өтеді

2026 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық барысы қалай?

Басқа 3 сағат бұрын

2026 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық барысы қалай?