12.04.2023
Жамила Бақбергенова Азия чемпионатының финалына шықты

Жамила Бақбергенова
Күрес түрлерінен Астана қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Жамила Бақбергенова финалға жолдама алды.
72 келі слмақта сынға түскен спортшымыз моңғол спортшысы Даваансан Енх Амарды айқын басымдықпен (11:1) жеңіп, сары құрлық біріншілігінің ақтық белдесуіне жолдама алды.
Финалда Жамиланың қарсыласы жапониялық Сумире Никура. Екі балуан былтыр Улан-Баторда өткен Азия Чемпионатының финалында кездесіп, қазақстандық балуанның мерейі үстем болған.
Финалдық кездесулер кешкі сағат 18:00-де басталады.
