12.04.2023
Күрестен Азия чемпионаты: Нилуфар Раимова қола жүлде еншіледі

Нилуфар Раимова
Қазақстандық балуан Нилуфар Райымова осы күндері Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдегер атанды.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы қола медаль үшін өткен белдесуде Қырғызстан өкілі Бермет Нуриденқызымен кездесіп, 7:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Райымова Қазақстан үшін тарихи медаль жеңіп алған спортшы. Ол 2021 жылы Уфада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын жеңіп алған соңғы 13 жылдағы алғашқы отандық балуан атанды.
