13.04.2023
Күрестен Азия чемпионаты: Санжар Досжанов чемпион атанды

Санжар Досжанов
Санжар Досжанов күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия Чемпионатында топ жарды.
70 келіде ел намысын қорғаған спортшымыз өзбекстандық Зафарбек Отохоновты тартысты өткен белдесуде 2:0 есебімен жеңіп, сары құрлық додасының чемпионы атанды.
Досжанов жартылай финалда жарыстың басты фавориті саналған ирандық Гиеси Мортеза Чеканы шиеленіске толы белдесуде 4:1 есебімен ұтты.
