23.05.2025

Қызылорда облыстық күрес түрлері федерациясының басшысы тағайындалды

Қызылорда облыстық күрес түрлері федерациясының басшысы тағайындалды

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Жәнібек Сыздықов «Қызылорда облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Sport12.kz.. 

Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі мәлім етті.

Аталған шешім Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаевтың келісімімен жүзеге асты.

Жәнібек Сыздықов 1987 жылы дүниеге келген. М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын құрылыс мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы «Қазавтожол» кәсіпорнының Қызылорда облыстық филиалында жол жұмысшысы болып бастаған.

2009-2013 жылдары жеке және мемлекеттік жол құрылысы мекемелерінде еңбек еткен. 2013-2023 жылдары «Автомобиль жолдары басқармасы» ЖШС бөлім бастығы, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымында болған. Одан кейін Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Қазіргі таңда Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.


Қазақстандық төрешілер Чемпиондар лигасында қызмет атқарады

Футбол 2 сағат бұрын

Қазақстандық төрешілер Чемпиондар лигасында қызмет атқарады

Әлем кубогы: бүгін қазақстандық сегіз боксшы шаршы алаңға шығады

Бокс 2 сағат бұрын

Әлем кубогы: бүгін қазақстандық сегіз боксшы шаршы алаңға шығады

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Реал Мадрид» ширек финалға жолдама алды

Футбол 2 сағат бұрын

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Реал Мадрид» ширек финалға жолдама алды

Абдул Рашид Абубакар “Атырау” сапын толықтырды

Футбол 3 сағат бұрын

Абдул Рашид Абубакар “Атырау” сапын толықтырды

Әлем кубогының екінші жарыс күні қалай өтті?

Бокс 12 сағат бұрын

Әлем кубогының екінші жарыс күні қалай өтті?

Айбек Оралбай еш қиындықсыз келесі айналымға шықты

Бокс 12 сағат бұрын

Айбек Оралбай еш қиындықсыз келесі айналымға шықты