26.08.2025

Астанада Saryarqa RUN бұқаралық жүгірісі өтеді

Астанада Saryarqa RUN бұқаралық жүгірісі өтеді

31 тамыз күні елордамызда ел бірлігі мен салауатты өмір салтын насихаттайтын жаппай бұқаралық Saryarqa RUN жүгірісі ұйымдастырылады, деп хабарлады Sport12.kz

Айтулы шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясына орай өткізілмек.

Жүгіру Сарыарқа ауданындағы Ырыскелді қажы мешітінің аумағында (Ермек Серкебаев көшесі, 2) басталады. Тіркеу таңғы сағат 07:00–09:00 аралығында жүргізіліп, ресми бастау 09:00-де беріледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар үшін 4 шақырым және 7,6 шақырым қашықтықтар қарастырылған. Жүгіру бағыты мешіт аумағынан басталып, Кенесары хан ескерткішіне дейін жалғасады. Сол жерде спортшылар кері бұрылып, қайтадан мешітке оралып, мәреге жетеді.

«Бұл шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Сарыарқа ауданы әкімдігі бірлесіп ұйымдастырып отыр. Әрбір қала тұрғыны мен қонағы өзіне ыңғайлы қашықтықты таңдай алады», – дейді қалалық спорттық-бұқаралық іс-шаралар дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Айта кетейік, жарыс кезінде көлік қозғалысы тоқтатылмайды. Қатысушылар саны 1500 адамға дейін шектелген (лимит).

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тіркелген қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотерея өткізілетінін хабарлады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Қыркүйек айында Қазақстанның ойынын тамашалаған жанкүйерлердің саны белгілі

Футбол 14 минут бұрын

Қыркүйек айында Қазақстанның ойынын тамашалаған жанкүйерлердің саны белгілі

«Қайраттың» сырт алаңдағы ойынына кім төрелік етеді?

Футбол 43 минут бұрын

«Қайраттың» сырт алаңдағы ойынына кім төрелік етеді?

Еркін күрестен бас бапкер Мадияр Құрамысов: 4-5 медаль аламыз деп жоспарлап едік

Күрес 1 сағат бұрын

Еркін күрестен бас бапкер Мадияр Құрамысов: 4-5 медаль аламыз деп жоспарлап едік

Бибісара Асаубаева FIDE Grand Swiss турнирінің қола жүлдегері атанды

Басқа 2 сағат бұрын

Бибісара Асаубаева FIDE Grand Swiss турнирінің қола жүлдегері атанды

Чемпиондар лигасының топтық кезеңі басталады

Футбол 3 сағат бұрын

Чемпиондар лигасының топтық кезеңі басталады

«Барыс» шабуылшысы жарақат алды

Хоккей 3 сағат бұрын

«Барыс» шабуылшысы жарақат алды