Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп
Матч орталығы
Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Фрайбург Фрайбург 2:0 Аяқталды Страсбур Страсбур Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Ювентус Ювентус 1:2 Аяқталды Интер Интер Премьер-Лига Футбол Алтай Алтай 2:2 Аяқталды Қызылжар Қызылжар Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Челси Челси 3:0 Аяқталды Милан Милан Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 0:4 Аяқталды Ордабасы Ордабасы Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Байер Байер 2:1 Аяқталды Севилья Севилья Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Кельн Кельн 2:1 Аяқталды Реал Сосьедад Реал Сосьедад Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Аугсбург Аугсбург 3:2 Аяқталды Сассуоло Сассуоло Лига кубогы Футбол Уотфорд Уотфорд 1:0 Аяқталды Кроули Кроули Лига кубогы Футбол Вест Хэм Вест Хэм 3:1 Аяқталды Портсмут Портсмут Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Брайтон Брайтон 3:0 Аяқталды Рома Рома Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Тоттенхэм Тоттенхэм 1:1 Аяқталды Хетафе Хетафе Примейра-лига Футбол Маритиму Маритиму 1:0 Аяқталды Каза Пия Каза Пия Эредивизи Футбол НЕК НЕК 1:2 Аяқталды Телстар Телстар Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Штутгарт Штутгарт 2:0 71 Эвертон Эвертон ХНЛ Футбол Риека Риека 20:00 Бүгін Динамо Динамо Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед 1:1 75 ПСЖ ПСЖ Премьер-Лига Футбол Каспий Каспий 1:1 74 Ұлытау Ұлытау Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Наполи Наполи 00:00 Ертең Сельта Сельта Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Валенсия Валенсия 00:00 Ертең Ньюкасл Ньюкасл

29.10.2025

Милан Олимпиадасына 100 күн: Қазақстанда неше жолдама бар?

Милан Олимпиадасына 100 күн: Қазақстанда неше жолдама бар?

100 күннен кейін 2026 жылдың 6 ақпанында Милан мен Кортина-д’Ампеццо XXV қысқы Олимпиада ойындары басталады, деп хабарлады Sport12.kz.

Олимпиаданың қожайыны кім?

Милан мен Кортина-д’Ампеццо Олимпиада ойындарын өткізу құқығын 2019 жылдың 24 маусымында иеленді. Олар Швециямен таласқа түсіп, 47:34 дауысымен басым түсті.

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары тарихта алғаш рет бірнеше қалада өтеді. Ал ашылу салтанаты спортшылар шет қалмау үшін, бір мезетте Милан, Ливиньо, Кортина-д’Ампеццо, Предаццо ұйымдастырылып, екі Олимпиада алауы Милан мен Кортина-д’Ампеццода тұтанады. Айта кетерлігі, Италия өз тарихында үшінші мәрте қысқы Олимпиаданы қабылдағалы жатыр. Ең алғаш 1956 жылы Кортина-д’Ампеццо қысқы спорттағы әлемдік доданы бастап берген еді. Бір қызығы, Кортина-д’Ампеццо 1944 жылғы қысқы Олимпиаданы қабылдау құқығын иеленгенімен, 2 Дүниежүзілік соғысқа байланысты өтпеді.

Қазақстанның спортшылары алғаш рет бақ сынай ма?

1956 жылы Кортина-д’Ампеццо қысқы Олимпиада ойындарында КСРО сапында Алматы қаласының тумасы Александра Артеменко тау шаңғысынан бақ сынап, Қазақстаннан қатысқан бірінші Олимпиада спортшысы атанды. Ол 3 сайыс түріне қатысып, ең үздік көрсеткіш 14-орын болып тіркелді.

2006 жылы Қазақстан Турин төрінде өткен ақ Олимпиадаға 7 спорт түрінен 55 спортшысын қосып, жүлдесіз қалды. Сол сәтте Қазақстан сапынан шаңғышы Николай Чеботько мен Евгений Кошевой ең үздік көрсеткішті (6-орын) тіркеді.

Қанша жолдама бар?

2026 жылы 6-22 ақпан аралығында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында 195 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ресми мәнерлеп сырғанаудан ғана 2 жолдама бар. Өзге спорт түрінен квоталар әлем кубогының кезеңдерінен кейін үлестіріледі. Дәл қазіргі сәтте шаңғыдан - 7, тау шаңғысынан - 2, шаңғы қоссайысынан - 1, шаңғымен тұғырдан секіруден - 2, биатлоннан - 3, шорт-тректен - 9 квота бар. Бірақ квоталардың саны әр әлем кубогының кезеңінен кейін өзгеріске ұшырап отырады.

Үміт бар ма?

Өткен қысқы маусымда Қазақстан спотлшылары әлем чемпионатының 2 күміс, 1 қола медалін жеңіп алды.

Шорт-тректен Қытайдағы жаһандық додада 500 метр қашықтықта сынға түскен Денис Никиша екінші жыл қатарынан күміспен күптелді.

Мәнерлеп сырғанаудан Бостонда (АҚШ) өткен әлем чемпонатында Михаил Шайдоров өз өнерімен көпшілікті тәнті етіп, күміс жүлдегер атанды.

Параллельді могулдан Энгадиндегі (Швейцария) әлем чемпионатында Анастасия Городко араға 4 жыл салып, қола медальді еншіледі.

Конькимен жүгіруден бастапқы жылдамдық алудан әлемде ең үздік саналатын Евгений Кошкин, фристайл-акробатикадан Олимпиада чемпиондарын қалдырған жерлестеріміздің жетістіктері қысқы Олимпиада ойындарынан үміт отын жаққызады.

Milano Cortina2026 ресми сайтының дерегінше, 85 елден 3000-ға жуық спортшы 16 олимпиадалық дисциплина бойынша 116 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Олардың арасынан ски-альпинизм бірінші рет Олимпиада бағдарламасына енгізілді.


Біздің серіктес: Sport12kz