Матч орталығы
Челленджер Фантхьет 4 Теннис Мэтью Деллаведова Мэтью Деллаведова 2:1 Аяқталды Григорий Ломакин Григорий Ломакин Юношеская лига УЕФА Футбол OFK Mladost DG U19 OFK Mladost DG U19 19:00 Бүгін Кайрат до 19 Кайрат до 19 Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 22:00 Бүгін Эспаньол Эспаньол Ла Лига Футбол Алавес Алавес 23:00 Бүгін Валенсия Валенсия Эредивизи Футбол Аякс Аякс 23:00 Бүгін Виллем 2 Виллем 2 Чемпионшип Футбол Бристоль Сити Бристоль Сити 23:45 Бүгін Линкольн Линкольн Чемпионшип Футбол Мидлсбро Мидлсбро 23:45 Бүгін Миллуолл Миллуолл Лига кубогы Футбол Ипсвич Ипсвич 00:00 Ертең Арсенал Арсенал Италия кубогы Футбол Фиорентина Фиорентина 00:00 Ертең Пиза Пиза Лига кубогы Футбол Ливерпуль Ливерпуль 00:00 Ертең Тоттенхэм Тоттенхэм Ла Лига Футбол Эльче Эльче 00:30 Ертең Реал Мадрид Реал Мадрид Еуропа лигасы Футбол Омония Омония 21:45 Ертең Сельта Сельта Еуропа лигасы Футбол Арарат Арарат 21:45 Ертең Спарта Спарта Ла Лига Футбол Депортиво Депортиво 22:00 Ертең Севилья Севилья Ла Лига Футбол Атлетико Атлетико 22:00 Ертең Осасуна Осасуна Еуропа лигасы Футбол Милан Милан 00:00 17.09 Бенфика Бенфика Еуропа лигасы Футбол Хапоэль Хапоэль 00:00 17.09 Динамо Динамо Еуропа лигасы Футбол Олимпиакос Олимпиакос 00:00 17.09 Ягеллония Ягеллония Еуропа лигасы Футбол Байер Байер 00:00 17.09 Целе Целе Еуропа лигасы Футбол Штурм Штурм 00:00 17.09 Ренн Ренн

21.04.2026

Шынайы оқиғаларға негізделген ең үздік фильмдер MEGOGO-да

Шынайы оқиғаларға негізделген ең үздік фильмдер MEGOGO-да

Кейде шынайы өмір тіпті ең дарынды сценарист те ойлап таба алмайтын оқиғаларды алға тартады. Жарыс жолдарынан бастап сот залдарына дейін — бұл фильмдер әлемді өзгерткен оқиғалардың дәл ортасына жетелейді.

MEGOGO адам рухының шынайы күшін ашатын таңғаларлық фильмдер топтамасын ұсынады. Ұлы жетістіктердің қарқыны мен ауқымын сезініңіз — MEGOGO-ға GO!

  1. «Феррари» (Ferrari, 2023)

Бұрынғы жарыс жүргізушісі әрі империяның негізін қалаушы, аңызға айналған Энцо Феррари 1957 жылғы ең ауыр дағдарысты бастан кешіреді. Банкроттық табалдырықта тұр, ал ұлының қазасынан кейін жеке өмірі қирағандай күйде. Өмірінің ісін сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі — ұзындығы 1000 миль болатын аса қауіпті Mille Miglia жарысында жеңіске жету. Энцо барлық тәуекелге барып, оның жүргізушілері шешуші жарысқа шыққан сәтте бәрін бәйгеге тігеді…



  1. «Мавританец» (The Mauritanian, 2021)

Фильм әлемдегі ең қатаң күзетілетін түрмелердің біріндегі тұтқын туралы есеңгірететін шындықты ашады. Мохаммед Ульд Слахи ресми айып тағылмастан темір тордың ар жағында 10 жылдан астам уақыт өткізеді. Оның жалғыз үміті — адвокат Нэнси Холландер, ол аяусыз мемлекеттік жүйеге қарсы күреске шығады.


  1. «Боб Дилан: Никому не известный» (A Complete Unknown, 2024)

Қалтасында небәрі бірнеше доллары бар Миннесота жігіті аз уақыттың ішінде сахнаның сенсациясына айналады. 19 жастағы музыкант Боб Диланның аз уақытта танымалды болуы оны тәуекелді қадамға итермелейді. Ауқымды фестивальде Дилан электр гитарасымен сахнаға шығып, наразылық білдірген көпшіліктің гуілі астында алда не боларын білмейді.



  1. «Наполеон» (Napoleon, 2023)

Данышпан қолбасшы әрі стратег Наполеон Бонапарт әлемдік үстемдікке және Жозефинаға деген жалынды махаббатқа беріліп, өзін император деп жариялайды. Алайда оның шексіз амбициясы бүкіл Еуропаны қанға бояған соғыстарға алып келеді.


  1. «Оппенгеймер» (Oppenheimer, 2023)

Атом бомбасын жасаушы физик Роберт Оппенгеймердің өмірі туралы тарихи драма. Данышпан ғалым Екінші дүниежүзілік соғыс қызған шақта құпия жобаны басқарады. Сюжет өз туындысының жойқын күшін түсінген адамның моральдық таңдауы төңірегінде өрбиді.


  1. «Дело Ричарда Джуэлла» (Richard Jewell, 2019)

Ричард Джуэлл күмәнді бомбасы бар сөмкені бірінші болып байқап, адамдарды эвакуациялауды ұйымдастырады. Алайда небәрі 3 күннен кейін БАҚ пен ФБР оны басты күдіктіге айналдырады. Мыңдаған адамның өмірін сақтап қалған қарапайым күзетші аяқ астынан қауіпті қылмыскер ретінде көрсетіледі.

Барлық қуатты мемлекеттік жүйе өзіне қарсы шыққанда, Ричард тәуелсіз адвокат жалдауға мәжбүр болады. Сюжет көрерменді соңына дейін шиеленісте ұстап, жүйедегі әділетсіздікті ашып көрсетеді.



  1. «Ford против Ferrari» (Ford v Ferrari, 2019)

Le Mans жарысындағы Ferrari үстемдігін тоқтатуға бағытталған Ford компаниясының батыл талпынысы туралы спорттық драма. Жобалаушы Кэрролл Шелби мен батыл жарыс жүргізушісі Кен Майлз 90 күн ішінде төңкерістік спорткар жасау үшін күш біріктіреді.


  1. «Богемская рапсодия» (Bohemian Rhapsody, 2018)

Аңызға айналған Queen тобы және оның ерекше вокалисі Фредди Меркьюри туралы фильм. Қарапайым жігіт стереотиптерге қарсы шығып, рок-музыканың әлемдік иконасына айналады. Мұнда топтың чарттардың шыңына жету жолы мен фронтменнің жеке дағдарыстары бейнеленеді: Фредди мыңдаған көрерменнің алдына шығып, музыка тарихындағы ең ұлы хиттерінің бірін орындайды.


  1. «Элвис» (Elvis, 2022)

Жарқыраған драма рок-н-ролл королі Элвис Пресли феноменін оның жұмбақ менеджері Том Паркермен күрделі қарым-қатынасы арқылы баяндайды. Кейіпкер 1950-жылдардағы Америка аясында шағын қала әншісінен әлемдік жұлдызға дейінгі жолдан өтеді.


  1. «Король Ричард» (King Richard, 2021)

Сюжеттің ортасында аты аңызға айналған теннисшілер Винус пен Серена Уильямс және олардың әкесі Ричард. Ол қыздарын әлем чемпионына айналдыру үшін 78 беттен тұратын жоспар құрады. Ричард оларды алғашқы кәсіби корттарға алып келеді, онда оларды төзімділікке арналған ауыр сынақ күтіп тұр.




Біздің серіктес: Sport12kz