Матч орталығы
Премьер-Лига Футбол Тобыл Тобыл 2:1 Аяқталды Астана Астана Премьер-Лига Футбол Елімай Елімай 1:3 Аяқталды Ақтөбе Ақтөбе Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 1:1 Аяқталды Бристоль Сити Бристоль Сити Чемпионшип Футбол Вест Бромвич Вест Бромвич 0:1 Аяқталды Бирмингем Бирмингем Премьер-лига Футбол Арсенал Арсенал 2:1 Аяқталды Лидс Лидс КХЛ Хоккей Барыс Барыс 5:1 Аяқталды Авангард Авангард Премьер-Лига Футбол Қайрат Қайрат 1:0 Аяқталды Жетісу Жетісу Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 17:00 10.10 Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао А сериясы Футбол Дженоа Дженоа 2:1 Аяқталды Фиорентина Фиорентина Бундеслига Футбол Унион Унион 1:0 Аяқталды Эльверсберг Эльверсберг Бундеслига Футбол Майнц Майнц 3:4 Аяқталды Байер Байер Бундеслига Футбол Аугсбург Аугсбург 2:2 Аяқталды Бавария Бавария Бундеслига Футбол Хоффенхайм Хоффенхайм 2:3 Аяқталды Гамбург Гамбург Бундеслига Футбол Падерборн Падерборн 0:2 Аяқталды Штутгарт Штутгарт Премьер-лига Футбол Астон Вилла Астон Вилла 2:2 Аяқталды Брентфорд Брентфорд Премьер-лига Футбол Челси Челси 5:1 Аяқталды Борнмут Борнмут Премьер-Лига Футбол Жеңіс Жеңіс 1:2 Аяқталды Атырау Атырау Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 3:0 Аяқталды Линкольн Линкольн Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 1:2 Аяқталды Сток Сток Премьер-лига Футбол Сандерленд Сандерленд 0:2 Аяқталды Брайтон Брайтон

14.05.2026

MEGOGO аудиоконтент бөлімінің қайта оралғанын хабарлады

MEGOGO аудиоконтент бөлімінің қайта оралғанын хабарлады

MEGOGO халықаралық стриминг сервисі платформаға аудиокітаптар бөлімінің оралғанын жариялады. Енді пайдаланушыларға 500-ден астам аудиокітап пен ондаған подкаст қолжетімді. Кітапхана қорында әлем әдебиетінің классикалық туындылары да, нон-фикшн жанрындағы еңбектер де бар.

Қолжетімді аудиокітаптардың қатарында «Кішкентай ханзада», «Дориан Грейдің портреті», «Ромео мен Джульетта», «Граф Монте-Кристо» сияқты танымал шығармалар бар.

Аудио бағытын түрлі жанрдағы подкастар да, лайфстайл мен бизнестен бастап, мәдениет пен технологияға дейін, толықтырып тұр Олардың ішінде «Замандас подкаст», «Quraq Podcast», «Ханкаст» және өзге де жобалар бар.

Аудиоформат пайдаланушыларға кітапты кез келген ыңғайлы уақытта — жолда, жаттығу кезінде немесе күнделікті шаруалармен айналысып жүріп тыңдауға мүмкіндік береді.

«Біз аудиоформатқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көріп отырмыз — бұл контент тұтынудың ыңғайлы әрі табиғи тәсілі. Аудиокітаптардың оралуы — MEGOGO-ны пайдаланушы тек көріп қана қоймай, тыңдай да алатын мультиформатты платформа ретінде дамыту жолындағы тағы бір қадам», — деп атап өтті MEGOGO Қазақстанның бас директоры (CEO) Нұрлан Чукубаев.

Болашақта MEGOGO кітапхана қорын кеңейтуді және аудиоконтентті қазақ тіліне локализациялауды жоспарлап отыр. Бұл еліміздегі қалың оқырман қауым үшін сапалы кітаптардың қолжетімділігін арттыра түспек.

«Қазақ тіліндегі контентті дамыту біз үшін басым бағыт болып қала береді. Біз аудиокітаптарды білім мен әдебиетті жергілікті аудиторияға жақындата түсетін маңызды бағыт ретінде қарастырамыз», — деп толықтырды Чукубаев.

Аудиокітаптар MEGOGO мобильді қолданбасында жазылым бойынша қолжетімді және сервистің бірыңғай экожүйесіне біріктірілген.

MEGOGO сонымен қатар аудиоконтент жасаушы авторлармен және студиялармен ынтымақтастық орнатуға дайын. Сервис командасы подкаст бағыты бойынша серіктестік орнату мүмкіндіктерін қарастырып, қызығушылық танытқан креаторларды шақырады.




Біздің серіктес: Sport12kz