5 сағат бұрын
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қашан қосылады?
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың «Бернли» сапына қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz .
Бұл жөнінде англиялық команданың жанкүйерлер парақшасында мәлімет жарияланды. Мәліметке сүйенсек, Дастан Сәтпаев клуб қатарына желтоқсанның ортасында оралады. Отандасымыз артқы сан бұлшық етін зақымдап алған еді.
Дастан Сәтпаевтың «Челсиге» ауысатыны 2025 жылдың ақпанында жарияланған еді. Қазақстандық шабуылшы ағылшын клубымен 2033 жылға дейін келісім жасаған. Transfermarkt дерегіне сәйкес, трансфер құны 2,4 млн еуроны құрады.
Футболшы шілде айында жаңа командасының жаттығуларына қосылып, маусым алдындағы бірнеше матчта алаңға шықты. Сол ойындардың бірінде Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты.
Оның трансферін бұған дейін толық рәсімдеуге футболшының кәмелетке толмағаны кедергі болған.
Енді Дастан Сәтпаев 18 жасқа толып, «Челси» сапында ресми ойындарға қатысуға мүмкіндік алды. Кейіннен ол чемпионшипте ойнайтын «Бернли» командасына жалға берілді.
Біздің серіктес: Sport12kz