20 сағат бұрын
«Бернли» 4:1 есебіндегі басымдығын сақтай алмай, жеңіліп қалды
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев өнер көрсететін «Бернли» Чемпионшиптің 15-туры аясында «Кардифф Ситиге» 4:5 есебімен есе жіберді.
Ойында «Бернли» 4:1 есебімен алда тұрған. Алайда алаң иелері ойынның соңғы бөлігінде төрт гол соғып, жеңісті жұлып алды. Шешуші допты қосымша уақытта Алекс Робертсон соқты.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты матчқа қатысқан жоқ. Ол матчтың өтініміне де енбеді.
Осы жеңілістен кейін «Бернлидің» жеңіссіз сериясы алты матчқа жетті. Команда 10 ұпаймен Чемпионшип кестесінде 22-орында тұр.
Біздің серіктес: Sport12kz