Матч орталығы
Ченнаи женщины Теннис Мей Ямагучи Мей Ямагучи 0:0 1-сет Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева Чемпиондар лигасы Футбол Шахтер Шахтер 22:45 Бүгін Спортинг Спортинг Чемпиондар лигасы Футбол Галатасарай Галатасарай 22:45 Бүгін Штутгарт Штутгарт Париж мужчины Теннис Бен Шелтон Бен Шелтон 23:00 Бүгін Кэмерон Норри Кэмерон Норри Испания кубогы Футбол Памплона Памплона 23:00 Бүгін Эйбар Эйбар Испания кубогы Футбол Анайтасуна Анайтасуна 23:00 Бүгін Алавес Алавес АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль Хиляль Аль Хиляль 23:15 Бүгін Шабаб Аль Ахли Шабаб Аль Ахли Чемпионшип Футбол Престон Престон 00:45 Ертең Шеффилд Шеффилд Чемпионшип Футбол Уотфорд Уотфорд 00:45 Ертең Линкольн Линкольн Чемпионшип Футбол Дерби Дерби 00:45 Ертең Норвич Норвич Чемпионшип Футбол КПР КПР 00:45 Ертең Бернли Бернли Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 00:45 Ертең Болтон Болтон Чемпиондар лигасы Футбол Фейеноорд Фейеноорд 01:00 Ертең Интер Интер Чемпионшип Футбол Вест Бромвич Вест Бромвич 01:00 Ертең Саутгемптон Саутгемптон Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 01:00 Ертең Лилль Лилль Чемпионшип Футбол Бирмингем Бирмингем 01:00 Ертең Миллуолл Миллуолл Чемпиондар лигасы Футбол Вильярреал Вильярреал 01:00 Ертең ПСЖ ПСЖ Чемпиондар лигасы Футбол Атлетико Атлетико 01:00 Ертең Бавария Бавария Чемпиондар лигасы Футбол ЛАСК ЛАСК 01:00 Ертең Слован Слован Чемпиондар лигасы Футбол Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед 01:00 Ертең Рома Рома

1 күн бұрын

Ташкенттегі футбол турнирі кезінде 16 қазақстандық бала ауруханаға жатқызылды

Ташкенттегі футбол турнирі кезінде 16 қазақстандық бала ауруханаға жатқызылды

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан «Dostlik Cup 2026» халықаралық футбол фестивалі кезінде Қарағанды облысынан барған 16 бала ауруханаға жатқызылды.

Оқиға 31 қазанда балалар орналасқан қонақүйде таңғы астан кейін болған. Жас футболшылардың дене қызуы көтеріліп, іші ауырған. Ата-аналарының айтуынша, таңғы ас кезінде жұмыртқа жемеген балалардың кейбірі өзін жақсы сезінген. Осыған байланысты улануға аталған өнім себеп болуы мүмкін деген болжам айтылды. Алайда оның нақты себебі әзірге ресми түрде анықталған жоқ.

Денсаулығына байланысты бірқатар жас футболшы 1 қарашада жоспарланған финалдық кездесулерге қатыса алмаған.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, медициналық көмекке 16 бала, бір жаттықтырушы және 11 ата-ана жүгінген. Барлығы 28 адам ауруханада ем қабылдап жатыр.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, медициналық көмекке мұқтаж Қазақстан азаматтарының барлығы Өзбекстандағы мамандандырылған медициналық мекемелерге жатқызылған. Оларға қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр.

Қазіргі уақытта Қазақстан СІМ мен еліміздің Өзбекстандағы консулы жағдайды бақылауда ұстап отыр.



Біздің серіктес: Sport12kz