2 сағат бұрын
Дастан Сәтбаев Англия чемпионатында алаңға шығуы мүмкін
31 қазанда Англия чемпионшипінің 13-туры аясында «Бернли» өз алаңында «Портсмутты» қабылдайды. Кездесу «Терф Мур» стадионында өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Бернли» – «Портсмут» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады.
Чемпионаттың 12 турында «Портсмут» 18 ұпай жинаса, «Бернлидің» еншісінде сегіз ұпай бар. Өткен турда «Портсмут» өз алаңында «Миллуоллды» 2:1 есебімен жеңіп, Чемпионшиптегі жеңіліссіз сериясын төрт матчқа жеткізді. Бұл кезеңде команда үш рет жеңіске жетіп, бір рет тең түсті.
Ал «Бернли» соңғы кездесуінде сырт алаңда «Линкольннен» 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Команда 2026/27 жылғы Чемпионшип маусымында 12 матч өткізіп, әзірге бір ғана жеңіске қол жеткізген.
«Бернли» сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев өнер көрсетеді. Ол осы маусымда жеті матчқа қатысып, әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz