2 сағат бұрын
«Алтын доп» — 2026: марапаттау рәсімі қашан өтеді?
26 қазаннан 27 қазанға қараған түні Лондондағы «Палладиум» театрында «Алтын доп» — 2026 сыйлығын табыстау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Марапаттау рәсімінің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады.
Мамандардың пікірінше, биылғы сыйлықты алуға басты үміткер — «Бавария» мен Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн. Үздік үштікке сондай-ақ «Реал» мен Франция құрамасының ойыншысы Килиан Мбаппе және «Барселона» мен Испания құрамасының шабуылшысы Ламин Ямаль кіреді.
Сарапшылар үздік бестікке Аргентина құрамасы мен «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Мессиді және «Барселона» мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родриді де қосып отыр.
Өткен жылы «Алтын доп» сыйлығы «ПСЖ» мен Франция құрамасының вингері Усман Дембелеге бұйырған еді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Ламин Ямаль екінші орын алса, үздік үштікті «ПСЖ» мен Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Витинья түйіндеді.
Біздің серіктес: Sport12kz