2 күн бұрын
«Бернли» бас бапкері Дастан Сәтпаевқа қатысты мәлімдеме жасады
«Бернли» клубының бас бапкері Никки Хайен қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың жарақаттан кейін біртіндеп бабына келіп жатқанын айтты. Маман ойыншының жүктемесін асықпай арттыруды жоспарлап отыр.
18 жастағы футболшы «Уотфордқа» қарсы кездесуде 20 минут ойнаса, «Вулверхэмптонмен» матчта алаңда 30 минут өткізді. Енді «Линкольн Ситиге» қарсы ойында оның ойын уақыты ұлғаюы мүмкін. Дегенмен Сәтпаев әзірге толық матч өткізуге дайын емес.
«Дастан жарақат алғандықтан, сақтық танытуымыз керек. Ол команда үшін өте маңызды. Жылдамдығы, қарқыны, энергиясы мен жеке шеберлігі жоғары», — деді Хайен.
Бас бапкер шабуылшының алаңдағы уақытын алдымен 45 минутқа, кейін 60 минутқа жеткізіп, содан соң толық матч ойнауға мүмкіндік беруді көздеп отыр.
Еске салайық, «Бернли» соңғы кездесуінде «Вулверхэмптонға» 1:2 есебімен есе жіберді. Хайен бұл ойында қосалқы құрамнан шыққан Сәтпаевқа бірден ойын ырғағына бейімделу қиын болғанын атап өтіп, оның әлеуетіне сенетінін жеткізді.
Біздің серіктес: Sport12kz