Матч орталығы
Токио женщины Теннис Хаю Киносита Хаю Киносита 0:2 Аяқталды Юлия Путинцева Юлия Путинцева Нинбо женщины Теннис Елена Рыбакина Елена Рыбакина 2:0 Аяқталды Диана Шнайдер Диана Шнайдер Премьер-Лига Футбол Оқжетпес Оқжетпес 3:0 Аяқталды Каспий Каспий Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 1:1 Аяқталды Тобыл Тобыл Премьер-Лига Футбол Қызылжар Қызылжар 1:0 Аяқталды Ұлытау Ұлытау Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 2:1 Аяқталды Миллуолл Миллуолл Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 1:3 Аяқталды Норвич Норвич Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 1:1 Аяқталды Дерби Дерби Премьер-лига Футбол Астон Вилла Астон Вилла 2:1 Аяқталды Манчестер Сити Манчестер Сити Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 0:3 Аяқталды Эльче Эльче А сериясы Футбол Комо Комо 2:0 Аяқталды Сассуоло Сассуоло Премьер-Лига Футбол Ордабасы Ордабасы 1:1 Аяқталды Жеңіс Жеңіс А сериясы Футбол Кальяри Кальяри 0:2 Аяқталды Болонья Болонья Алматы мужчины Теннис Даниил Медведев Даниил Медведев 1:0 Бас тарту Александр Бублик Александр Бублик Бундеслига Футбол Кельн Кельн 0:0 Аяқталды Шальке Шальке Бундеслига Футбол Аугсбург Аугсбург 1:1 Аяқталды Унион Унион Бундеслига Футбол Падерборн Падерборн 1:0 Аяқталды Гамбург Гамбург Бундеслига Футбол Лейпциг Лейпциг 4:0 Аяқталды Эльверсберг Эльверсберг Бундеслига Футбол Майнц Майнц 2:3 Аяқталды Вердер Вердер Чемпионшип Футбол Престон Престон 1:1 Аяқталды Вест Бромвич Вест Бромвич

5 күн бұрын

Роналду Forbes рейтингінде көш бастады

Роналду Forbes рейтингінде көш бастады

«Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең көп табыс табатын футболшылар рейтингінде бірінші орынға шықты. Португалиялық ойыншының 2026/27 жылғы маусымдағы табысы 300 миллион долларға бағаланған.

Forbes мәліметінше, Роналду клубтағы жалақысы мен бонустарынан 250 миллион доллар, ал жарнамалық келісімдер мен өзге де коммерциялық қызметтен 50 миллион доллар табыс табады.

Екінші орынға 145 миллион доллар табысымен «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси жайғасқан. Ал үздік үштікті 100 миллион доллар көрсеткішімен мадридтік «Реалдың» форварды Килиан Мбаппе түйіндеді.

Тізімнің төртінші сатысында 85 миллион доллар табысымен «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд тұр. Одан кейін «Реал» ойыншысы Винисиус Жуниор (76 млн доллар) мен «Барселонаның» жас жұлдызы Ламин Ямаль (55 млн доллар) орналасқан.

Үздік ондыққа сондай-ақ Садио Мане (54 млн доллар), Джуд Беллингем (45 млн доллар), Харри Кейн (42 млн доллар) және Мохамед Салах (40 млн доллар) енді.

Рейтингті жасау кезінде футболшылардың клубтағы жалақысы мен бонустары, жарнамалық келісімдері және өзге де коммерциялық табыс көздері есепке алынған. Көрсетілген сомалар салықтар мен агенттердің төлемдері шегерілмей есептеледі.



Біздің серіктес: Sport12kz