5 сағат бұрын
Қырғыз жауынгері Еркебұлан Тоқтарды реваншқа шақырды
Қырғызстандық жауынгер Марсель Нұрланбекұлы қазақстандық Еркебұлан Тоқтарды реваншқа шақырды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ташкентте өткен IBA Nomad 16 турнирінде өзбекстандық Самандар Реимбаевты нокаутпен жеңгеннен кейін Марсель: «Еркебұлан, реванш алғың келе ме? Толық газ!» — деді.
Марсель Нұрланбекұлы мен Еркебұлан Тоқтардың алғашқы жекпе-жегі наурыз айында Еревандағы Hype FC турнирінде өтіп, қырғыз файтерінің төрешілер шешімімен жеңісімен аяқталған болатын.
Тоқтардың соңғы жекпе-жегіне келетін болсақ, ол тамыз айында Астанадағы IBA Nomad: International Boxing Day турнирінде өзбекстандық Бобиржон Исроиловты екінші раундта нокаутқа түсірген еді.
Бұл жөнінде Еркебұлан Тоқтар «Мына төбелісіңмен маған жоламай-ақ қойсаң болады. Маған жақындама. Деңгейімді түсірме. Сенімен төбелессем деңгейім түсіп кетеді», - деп жауап берді.
Біздің серіктес: Sport12kz