4 сағат бұрын
2027 жылы ҚПЛ-да қанша клуб ойнауы мүмкін
2027 жылы футболдан Қазақстан Премьер-лигасында қанша клубтың ойнауы мүмкін екені белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев өзінің подкастында айтып өтті.
Оның айтуынша, Қазақстан футбол федеарциясы алдағы жылы Премьер-лигадағы команда құрамын көбейтуді көздеп отырған жоқ. Бұрынғыша ел біріншілігінде 16 команда сынға түседі.
Айта кетсек, 31 қазанда ел біріншілігі мәресіне жетті. Доп додасында «Ордабасы» чемпион атанса, «Қайрат» пен «Астана» жүлделі орындарды өзара бөлісті.
Ал «Жетісу» мен «Қайсар» алдағы жылы Бірінші лигада ойын көрсететін болды.
Біздің серіктес: Sport12kz