5 күн бұрын
«Алтын доп – 2026»: Харри Кейн мен Килиан Мбаппе арасындағы ұпай айырмашылығы белгілі болды
«France Football» журналының бас редакторы Венсан Гарсия 2026 жылғы «Алтын доп» жүлдесі үшін дауыс беру қорытындысына қатысты мәліметпен бөлісті.
Гарсияның айтуынша, «Бавария» мен Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн және мадридтік «Реал» сапында өнер көрсететін Килиан Мбаппе арасындағы ұпай айырмашылығы 2024 жылғы дауыс беру нәтижесінен де аз болған. Ол кезде испаниялық Родри бразилиялық Винисиус Жуниордан 41 ұпайға озып, жүлдені иеленген еді.
«Кейн мен Мбаппе арасындағы бәсеке өте тартысты өтті. Олардың арасындағы ұпай айырмашылығы 2024 жылы Родри мен Винисиус арасындағы көрсеткіштен де аз болды», – деді Венсан Гарсия L’Équipe телеарнасына берген сұхбатында.
Оның сөзінше, дауыс беру барысында Мбаппе ұзақ уақыт көш бастап тұрған. Алайда кейін Харри Кейн нәтижесін жақсартып, жеңіске жеткен.
Дауыс берудің толық нәтижесі жарияланғаннан кейін футболшылар арасындағы нақты ұпай айырмашылығы белгілі болады.
Біздің серіктес: Sport12kz