2 сағат бұрын
«Аталанта» бас бапкері «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады
Фото. footboom1.com
Италиялық «Аталантаның» бас бапкері Маурицио Сарри Бергамода өтетін Конференция лигасының жалпы кезеңінің үшінші турындағы кездесу алдында алматылық «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Соңғы 12 айда «Қайрат» «Сан-Сирода» «Интерге» 1:2, Лондонда «Арсеналға» 2:3 есебімен жеңілді. Футбол тұрғысынан артта қалған болып көрінетін елдердің өзі соңғы жылдары орасан зор прогресске қол жеткізді. Бұл - қауіпті команда, дегенмен олар жақында бапкерін ауыстырды, ал бізде талдау үшін материал аз», - деді Сарри Sky -ке берген сұхбатында.
А Сериясында «Пармадан» өз алаңында 0:3 есебімен жеңілгеннен кейін «Аталанта» Дзингониядағы клуб базасында қалып, еурокубоктық кездесуге дайындалып жатыр.
Конференция лигасының екі турынан кейін бергамалықтарда үш ұпай, алматылықтарда бір ұпай бар. Матч 5 қараша күні «Стадио ди Бергамо» стадионында өтіп, қазақстандық уақытпен 22:45-те басталады.
Біздің серіктес: Sport12kz