3 сағат бұрын

Астанада XX жазғы Азия ойындарына арналған жүгіріс өтті

Астанада XX жазғы Азия ойындарына арналған жүгіріс өтті

Елордадағы Орталық саябақта Жапонияның Аияи мен Нагоя қалаларында өтетін XX жазғы Азия ойындарын қолдау мақсатында Fun Run жүгірісі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

Іс-шараны Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК), Азия ойындарының ұйымдастыру комитеті (AINAGOC), ҚР Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды.

Fun Run жүгірісі Азиада-2026 ұйымдастыру комитетінің промо-науқанына кіреді және «Біртұтас Азияны елестет» ұранымен өткізіледі.

Шараға 2026 ұйымдастыру комитетінің Бас директоры міндетін атқарушы Ясухиро Накамори, Азия Олимпиадалық кеңесінің ұлттық олимпиадалық комитеттермен байланыс және даму бағдарламалары жөніндегі директоры Виссам Тркмани, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас директоры Нұрлан Нөгербек және ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова қатысты.

«2-3 қыркүйек күндері елордада Olympic Solidarity бағдарламасы аясында Азия Олимпиадалық кеңесінің VI Құрлықтық спортшылар форумы өтіп жатыр. Форумда Азияның 42 ұлттық олимпиадалық комитетінің өкілдері бас қосты. Сол шараның аясында Fun Run символдық жүгірісі ұйымдастырылып жатыр. Барлық жиналған қатысушыларға керемет эмоция алуларыңызға тілектеспін», - деді Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев.

1 шақырымдай қашықтықты құрайтын жүгіріске барлық жас санатындағы 100-ден астам әуесқой спортшылар қатысты.

Жүгірістің соңында барлық қатысушылар арнайы естелік медаль және сертификаттармен марапатталды.

Айта кетейік, 2026 жылдың 19 қыркүйек - 4 қазан аралығына жоспарланған Азиада-2026 бағдарламасына 41 спорт түрі енген. Жалпы 68 бағдарлама бойынша 460 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Оның 217-сі ерлер, 204-і әйелдер, 39-ы аралас санаттарда жүлде үлестіріледі.

Ұлттық құрама спортшылары үшін Олимпиада ойындарынан кейін басты бәсекелерінің бірі саналатын, төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын 2023 жылы Ханчжоуда (Қытай) өткен жазғы Азия ойындарында елімізден ең көп 525 спортшы қатысып, 80 медаль (10 алтын, 22 күміс, 48 қола) жеңіп алған еді. Нәтижесінде отандастарымыз жалпы есепте 11-орынға тұрақтаған болатын.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Әлем Чемпионаты Ливерпуль: 80 келі салмақтағы фавориттер

Бокс 15 минут бұрын

Әлем Чемпионаты Ливерпуль: 80 келі салмақтағы фавориттер

Уэльске қарсы ойында ұлттық құраманың ардагерлері ресми қоштасады

Футбол 47 минут бұрын

Уэльске қарсы ойында ұлттық құраманың ардагерлері ресми қоштасады

Мәжіліс депутаты ЧЛ матчты Астанада өткізуді ұсынды

Футбол 50 минут бұрын

Мәжіліс депутаты ЧЛ матчты Астанада өткізуді ұсынды

Асу Алмабаев жанкүйерлерге ренішін білдірді

ММА/UFC 1 сағат бұрын

Асу Алмабаев жанкүйерлерге ренішін білдірді

Қазақстан – Уэльс кездесуінде кім төрелік етеді?

Футбол 1 сағат бұрын

Қазақстан – Уэльс кездесуінде кім төрелік етеді?

«Астана» қорғаушысы маусым соңына дейін   алаңға шықпайды

Футбол 1 сағат бұрын

«Астана» қорғаушысы маусым соңына дейін алаңға шықпайды