15 сағат бұрын
Үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Василий Ломаченко кәсіби мансабын аяқтады

Фото: Getty Images
Үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған украиналық боксшы Василий Ломаченко кәсіби мансабын аяқтағанын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл туралы 37 жастағы әлеуметтік желідегі жазбасында хабарлады.
«Әрбір спортшының өмірінде бір кездері қолғапты шегеге ілетін сәт туады. Біздің де тарихымызда сол күн келді. Аллаға, Иса Мәсіхке алғысым шексіз. Ол мені даңқты жолмен емес, дұрыс жолмен жетеледі. Шынайы мақсат – атақ емес, рухани жеңіс екенін түсіндім», – деді боксшы.
Соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың 5 мамырында Аустралияның Перт қаласында өткізіп, Джордж Камбососты нокаутқа түсіріп, жеңіл салмақтағы IBF белбеуін иеленген болатын.
Әуесқой бокста Ломаченко — екі дүркін Олимпиада чемпионы (2008, 2012), екі мәрте әлем чемпионы (2009, 2011), 396 жекпе-жекте жеңіске жетіп, тек бір рет жеңілген (2007 жылғы әлем чемпионатының финалында ресейлік Альберт Селимовқа жол берген).
Кәсіпқой бокста Ломаченко үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды: жартылай жеңіл, екінші жартылай жеңіл және жеңіл салмақ. Рекорды — 18 жеңіс, 3 жеңіліс, 12 нокаут.
The Ring және ESPN нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылар рейтингінде көш бастаған, HBO телеарнасы оны жылдың үздік боксшысы деп таныған.
