07.06.2025

Әлем чемпионаты: Норвегия футбол құрамасы Италияны ірі есеппен жеңді

Әлем чемпионаты: Норвегия футбол құрамасы Италияны ірі есеппен жеңді

Фото: UEFA.com

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Еуропа құрлығы бойынша іріктеу кезеңінже Норвегия құрамасы Италияны ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Іріктеу кезеңінде І тобында сынға түсіп жатқан Норвегия өз алаңында Италияны қабылдады. Ойын барысында норвегиялық Александр Сёрлот 14, Антонио Нуса 34, Эрлинг Холанд 42-минутта мергендік танытты.

Осылайша Норвегия қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. 

Аталған топта Эстония өз алаңында Израильге 1:3 есебімен есе жіберді. 

Бұл топта алғашқы үш турда ұпай жоғалтпаған Норвегия ұ ұпаймен көш басында тұрса, одан кейінгі орындағы Израильде 6, Эстонияда 3 ұпай бар. Әзірге Италия мен Молдова бірде-бір ұпай ала алған жоқ. 

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы бақ сынап жатқан J тобында Уэльс құрамасы Лихтенштейнді 3:0 есебімен жеңсе, Солтүстік Македония мен Бельгия 1:1 есебімен тең ойнады. Бұл турға қазақстандық футболшылар қатысқан жоқ.

Екі турдан кейін 4 ұпаймен Солтүстік Македония мен Уэльс көш басында келе жатса, Қазақстан 3 ұпай еншіледі. Ал Лихтенштейннің ұпай ала алмаса, Бельгия алғашқы ойынын бүгін өткізеді.

Тағы екі ойын L тобында өтті. Бұл топта Гибралтар құрамасы Хорватияға 1:7 есебімен есе жіберсе, тағы бір кездесуде Чехия құрамасы Черногорияны 2:0 есебімен сүріндірді.

Іріктеу кезеңі ойындары бүгін де жалғасады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас