4 сағат бұрын

Төрехан Сабырхан Шымкент атынан өнер көрсете береді

Төрехан Сабырхан Шымкент атынан өнер көрсете береді

Фото: ҚБФ

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Шымкент атынан өнер көрсете беретін болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұған дейін жас боксшы Атырау облысы құрамына ауысатыны жайлы айтқан болатын. 

Бірақ, бүгін Төреханның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында Шымкентте қалатынын жариялады. 

«Мен ары қарай да Шымкенттің намысын қорғаймын! 

Иә, осыған дейін Атырау облысына ауысамын деп хабарлаған ем. Ол жаққа мені Бауыржан Кәрімов ағам шақырған. Жақында ол кісі Шымкент бокс федерациясының вице-президенті қызметіне келді. 

Жаңа қызметіне келе салысымен біз кездесіп, әңгімелестік. Оның қорытындысы бойынша мен Шымкентте қала беретін болдым. 

Бұған дейін айтқанымдай, мен тек ішкі біріншілікте жеке бір өңірдің намысын қорғаймын. Ал шет елге шыққанда Қазақстанның көк туын көтеремін. Қолдау білдіріп отырған барлықтарыңызға рақмет», - деп жазды боксшы. 

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан жуырда ғана Тайландта өткен турнирде топ жарған болатын.

Футболдан Франция құрамасы Ұлттар лигасында қола жүлдегер атанды

Футбол 2 сағат бұрын

Футболдан Франция құрамасы Ұлттар лигасында қола жүлдегер атанды

Италия құрамасы бас бапкерімен қоштасты

Футбол 2 сағат бұрын

Италия құрамасы бас бапкерімен қоштасты

Қаршыға Дәуітбектің Rizin лигасындағы келесі қарсыласы белгілі болды

ММА/UFC 3 сағат бұрын

Қаршыға Дәуітбектің Rizin лигасындағы келесі қарсыласы белгілі болды

Төрехан Сабырхан Шымкент атынан өнер көрсете береді

Бокс 4 сағат бұрын

Төрехан Сабырхан Шымкент атынан өнер көрсете береді

Қазақстан – Солтүстік Македония кездесуінде словакиялық төрешілер қызмет атқарады

Футбол 4 сағат бұрын

Қазақстан – Солтүстік Македония кездесуінде словакиялық төрешілер қызмет атқарады

Cолтүстік Македонияға қарсы ойында қақпа бағанын кім күзетеді?

Футбол 5 сағат бұрын

Cолтүстік Македонияға қарсы ойында қақпа бағанын кім күзетеді?