9 сағат бұрын
Данияр Елеусіновтың қарсыласы анықталды

Қазақстанның Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 19 шілдеде рингке оралады, деп хабарлайды Sport12.kz cайты BoxRec порталына сүйеніп.
Елеусіновтің қарсыласы — 30 жастағы Джеймс Бэйкон. Филиппиндік боксшы мансабында 26 жеңіс және 5 жеңілісі бар.
Бұл жекпе-жек қазақстандық боксшының UFC президенті Дана Уайт пен Сауд Арабиясы спорт басқармасының басшысы Турки әл-әш Шейх бірлесіп бастаған жаңа жоба — TKO Boxing-пен келісімшартқа қол қойғаннан кейінгі алғашқы кездесуі болмақ.
Еске салайық, 2024 жылдың қыркүйегінде Алматыда Елеусінов тағы бір филиппиндік боксшы Джо Нойнойды (23–5) нокаутпен жеңген болатын.
