23 сағат бұрын
Бокстан тағы да Өзбекстаннан қалып қойдық – кім кінәлі?

World Boxing ұйымының қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылған 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының финалдық бәсекелері мәресіне жетті.
Таиландтың астанасы Бангкокта өткен сары құрлық додасында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте бесінші орынға тұрақтады.
Көршілес Өзбекстан құрамасы 7 алтын, 3 күміс және 3 қоламен жалпы есепте көш бастады. Екінші орынға Үндістан құрамасы (3 алтын, 7 күміс, 4 қола) жайғасса, алғашқы үштікті Қытай (3 алтын, 1 күміс, 5 қола) түйіндеді.
