Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

11.08.2025

Дүниежүзілік ойындарда джиу-джитсудан Сейілхан Болатбек қола медаль алды

Дүниежүзілік ойындарда джиу-джитсудан Сейілхан Болатбек қола медаль алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында джиу-джитсудан не-ваза бөлімі бойынша Сейілхан Болатбек (77 келі) қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Отандасымыз 3-орын үшін таласта канадалық Майкл Шиханды 2:0 есебімен тізе бүктірді. 

Осылайша отандастарымыз үшін Дүниежүзілік ойындарда джиу-джитсудан сайыс аяқталды. 

10 тамызда джиу-джитсудан файтинг бөлімі бойынша 69 келіде Жәнібек Әбу-Бәкір чемпион атанса, 77 келідегі Нұрсұлтан Дүйсенқұлов күміс жүлде және 62 келіде Аслан Қанатбек қола жүлдені иемденген болатын.

Сондай-ақ ел құрамасынан каратэден 50 келідегі Мөлдір Жаңбырбай күміс жүлдеге ие болған еді.

Отандастарымыз аталған жарысқа 1993 жылдан бері қатысып келеді. Қазірге дейін олар 6 алтын, 4 күміс, 7 қола жүлде алды. 

Қазақстандық спортшылар 2022 жылы АҚШ-тың Алабама штатының Бирмингем қаласында 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен әзірге жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Биыл жарыс 34 спорт түрінен өтіп, 253 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Айтулы додаға 17 тамызға дейін 114 елден 4 000 спортшы қатыспақ.


 


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан