5 сағат бұрын
Қазақстан чемпионатының 3-ші жарыс күнінде кімдер шығады?

Бокстан Семей қаласындағы ел чемпионатының үшінші жарыс күні басталады, деп хабарлайды Sport12.kz
Бүгін рингке Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов, Нұрсұлтан Алтынбек, Санатәлі Төлтаев, Санжар-Али Бегалиев, Нұрқанат Райыс, Жандос Қыдыралиев, Илья Калинин сынды танымал боксшылар көтеріледі.
Қызықты жекпе-жектер:
Күндізгі сессия. 14:00
50 келі. 1/8 финал. 7-жұп
Дамир Әбдіқадыр (Әскерилер арасында әлем чемпионы) - Нұрзат Оңғаров (Қазақстан чемпионатының финалисі)
50 келі. 1/8 финал. 9-жұп
Теміртас Жүсіпов (Әлем чемпионы) - Асхат Жүсіпов (Астана қ)
80 келі. 1/8 финал. 13-жұп
Бақберген Әлиасқаров (22 жасқа дейінгі Азия чемпионы) - Михаил Коханчик (Қостанай обл)
80 келі. 1/8 финал. 13-жұп
Аятолла Тәкіжанов (Павлодар обл) - Диас Молжігітов (Азия чемпионатының финалисі)
Кешкі сессия. 18:00
55 келі. 1/8 финал. 5-жұп
Алмаз Нұрлан (Қарағанды обл) - Сәкен Бибосынов (Түркістан обл)
65 келі. 1/16 финал. 8-жұп
Ертуған Зейнуллинов (Алматы обл) - Азамат Нұркен (Астана қ)
65 келі. 1/16 финал. 13-жұп
Әбдіғалым Әбдікерім (Қостанай обл) - Бақтияр Анарбаев (22 жасқа дейінгі Азия чемпионы)
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
