17.10.2025
«Каспий» мерзімінен бұрын Бірінші лигада чемпион атанды
Футболдан Бірінші лиганың 25-туры өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Турдың орталық ойындарының бірі саналған «Алтай» мен «Ertis» арасындағы ойында қос команда да жеңіске жетуге тиіс болатын. Себебі, өскемендіктер Премьер-лиганың үшінші жолдамасына ұмтылса, павлодарлықтардың теориялық тұрғыдан чемпиондыққа таласуға мүмкіндігі болатын. Тіпті бірінші таймның соңында Владислав Васильев қонақтарды алға шығарған еді. Алайда Сэйф Попов 66-минутта тараз басын теңестіріп кетті. Осылайша, «Ertis» автоматты түрде күміс жүлдеге ие болды.
Ал қазіргі сәтте Ақтау қаласында «Каспий» мен «Шахтер» арасындағы ойынның екінші таймы басталды.
Біздің серіктес: Sport12kz
Қанат Байұзақов