5 сағат бұрын
Бүгін футболдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің бесінші туры басталады
Фото: «Барселона» футбол клубы
Бұл турдағы ойындар 24 және 25 қараша күні өткізіледі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың аталған сатысында 36 команда сынға түседі. Олардың әрбіріне 8 ойыннан белгіленген.
Бұл турда қазақстандық жанкүйерлер испаниялық «Барселонаның» сырт алаңдағы Әзербайжанның «Сабах» командасымен кездесуіне ерекше қызығушылық білдіріп отыр. Әзербайжандық команда сапында отандасымыз Стас Покатилов қақпашы және капитандық міндет атқарады.
Сондай-ақ алғашқы ойын күні, 24 қарашада Англияның «Арсеналы» өз алаңында германиялық «Боруссия Дортмундты» қабылдаса, сол елдің тағы бір өкілі «Манчестер Сити» клубы Италияның «Наполи» командасымен шеберлік байқасады.
Бұл күні «Пари Сен-Жермен» (Франция) - «Рома» (Италия), «Лилль» (Франция) - «Бавария» (Германия) клубтары жасл алаңға шығады.
Ойындар кестесі
24 қараша
22:45. «Будё-Глимт» (Норвегия) – ЛАСК (Аустрия)
22:45. «Галатасарай» (Түркия) – «Астон Вилла» (Англия)
01:00. «Арсенал» (Англия) – «Боруссия Дортмунд» (Англия)
01:00. «Комо» (Италия) – АЕК (Грекия)
01:00. «Манчестер Сити» (Англия) – «Наполи» (Италия)
01:00. «РБ Лейпциг» (Германия) – «Ланс» (Франция)
01:00. «Реал Мадрид» (Испания) – ПСВ (Нидерланд)
01:00. «Слован Братислава» (Словакия) – «Бетис» (Испания)
01:00. «Фейеноорд» (Нидерланд) – «Порту» (Португалия).
25 қараша
22:45. «Славия Прага» (Чехия) – «Вильярреал» (Испания)
22:45. «Сабах» (Әзербайжан) – «Барселона» (Испания)
01:00. «Атлетико Мадрид» (Испания) – «Викинг» (Норвегия)
01:00. «Брюгге» (Бельгия) – «Ливерпуль» (Англия)
01:00. «Интер» (Италия) – «Штутгарт» (Германия)
01:00. «Лилль» (Франция) – «Бавария» (Германия)
01:00. «Пари Сен-Жермен» (Франция) – «Рома» (Италия)
01:00. «Спортинг» (Португалия) – «Манчестер Юнайтед» (Англия)
01:00. «Шахтер Донецк» (Украина) – «Фенербахче» (Түркия).
Алғашқы төрт турдан кейін ұпай жоғалтпаған «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Реал Мадрид» (Испания) көш басында келе жатса, одан кейінгі орындағы «Арсенал» (Англия) үздік үштікті түйіндеп тұр.
Біздің серіктес: Sport12kz