30.10.2025
Жасөспірімдер Азиадасы: бокстан Камила Оспанова чемпион атанды
Бахрейнде өтіп жатқан үшінші жасөспірімдер Азия ойындарында бокс турнирінің финалдық жекпе-жектері жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz
75 келі салмақтың финалында Камила Оспанова Өзбекстан өкілі Самира Тургуновамен күш сынасты. 3 раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыз бір бас жоғары екендігін дәлелдеп, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін бокстан Қазақстан төрт алтын медаль алып үлгерді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов