Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Фрибет 10 000₸. Құр қалма! Өту
Olimpbet Видеореп

31.10.2025

Қазақстанда әйгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйеліне іздеу жарияланды

Қазақстанда әйгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйеліне іздеу жарияланды

Дмитрий Биволдың бұрынғы жары — Екатерина Биволды Қазақстанда іздеу салынды, деп хабарлайды Sport12.kz

Қазақстан ІІМ Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелін іздеу жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, Екатерина Бивол "қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасымен іздеуде" деп көрсетілген.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуге дейінгі тексеріс жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі жұма күні.

2025 жылғы 22 қазанда Қырғызстан ІІМ ел халқын қорлайтын бейнежазбалардың таралуына байланысты тергеуге дейінгі тексеру жүргізіп жатқаны хабарланған болатын. Белгілі болғандай, видеоны түсірген — әлемге танымал боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина. Ол Instagram парақшасында түрлі ұлт өкілдерін, соның ішінде қырғыз халқын балағаттаған бейнероликтерді жариялаған.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас