4 күн бұрын
Жәнібек Әлімханұлы Терренс Кроуфордпен жекпе-жекке дайын
Орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы америкалық Терренс Кроуфордпен айқас өткізуге қарсы еместігін мәлімдеді.
— Иә, біз Кроуфордпен жекпе-жекке дайынбыз. Бұл біз үшін үлкен әрі өте жақсы айқас болмақ, — деді Әлімханұлы алдағы 6 желтоқсанда өтетін Эрисланди Ларамен жекпе-жек алдында.
Айта кетейік, бұған дейін Кроуфорд «Қазақ стилінің» алдағы шайқасын мұқият бақылайтынын айтқан еді.
Өз кезегінде Эрисланди Лара да пікір білдіріп, бар назарын алдағы кездесуге аударғанын жеткізді:
— Қазір мен тек 6 желтоқсанға дайындалып жатырмын. Жәнібек — оңай қарсылас емес, сондықтан басқа ешкім туралы ойлауға болмайды. Бар күшімді сол жекпе-жекке жұмсаймын, — деді кубалық боксшы.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас