4 күн бұрын
Қайрат Сәтжанов Әлем кубогына неге осы құрамды апаратынын түсіндірді
Бүгін бокстан 15-18 қараша аралығында Үндістанда өтетін Әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын құрамды жариялады. Осы орайда Sport12.kz сайтының тілшісі ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжановпен байланысты.
Алдағы күндері Үндістандағы Әлем кубогының шешуші кезеңіне барғалы жатырсыздар. Құрам қалай таңдалды?
- World Boxing ұйымы Әлем кубогының финалдық кезеңіне арнайы шақырту жібереді. Әр салмақта тек 8 боксшыдан ғана қатысады. Сондықтан таңдау осы спортшыларға түсті.
Тізімдегі кей боксшылар Қазақстан чемпионатында көзге түсіп, алғашқы ірі додасына барғалы жатыр. 1 айдың ішінде олар толыққанды дайындалып үлгерді ме? Кей салмақта спарринг өткіздіңіздер ме?
- Қазақстан чемпионатына дейін де жігіттер оқу-жаттығу жиынына қатысқан. 31 қазан - 13 қазан аралығында Алматы облысында кезекті оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырып жатырмыз. Оған 58 спортшы бас қосты. Боксшылардың тәжірибелері жеткілікті. Барлығы дерлік осы жылы бірнеше жекпе-жектер өткізген. Спарринг болмады.
Тізімде 60 және 65 келідегі боксшыларымыз көрінбейді. Неге бұл салмақта ешкімді апармайсыздар?
- World Boxing ұйымы осы екі салмақта шақырту жібермеді.
Кез келген жарыстың алдында жүлде жайлы жоспар түзілетіні түсінікті. Әлем кубогында қандай мақсатты көздейсіздер?
- Ұлттық құрама жыл басынан бері Испания, Болгария, Сербия, Бразилия, Таиланд, Әзербайжан секілді елдердегі жарыстарға қатысты. Біздің мақсатымыз - жалпы есепте бірінші орын алу. Жігіттер жауапкершілікті сезінеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов