3 күн бұрын
Геннадий Головкин Таиланд бокс қауымдастығының басшысымен кездесті
Фото: Қазақстан ҰОК
World Boxing президенттігіне үміткер Геннадий Головкин Asian Boxing уақытша президенті және Таиланд бокс қауымдастығының басшысы Пичай Чунхаваджирамен кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында тараптар Азиядағы бокстың қазіргі жағдайын талқылап, аймақта әділдік, ашықтық пен сапалы басқаруды нығайтуға бағытталған ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қарастырды.
Сонымен қатар халықаралық жүйені біркелкі ету, спортшылар мен федерациялар үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Қатысушылар Азия өңірін олимпиадалық бокстың басты орталықтарының бірі деп бағалап, мұнда ұйымдастырушылық деңгейі мен спорттағы бәсекелестік жоғары екенін айтты.
Кездесу барысында Геннадий Головкиннің бұл аймақпен байланысы ерекше атап өтілді. Дәл осы жерде оның бокстағы мансабы басталған. Тараптардың пікірінше, Азия бүгінде спортқа деген сенімді нығайтып, халықаралық беделін арттыруға зор үлес қосып отырған әрі ең қарқынды дамып келе жатқан құрлықтардың бірі.
"Азия әлемдік бокстың дамуына дәстүрлі түрде маңызды үлес қосып келеді. Федерациялар, бапкерлер мен спортшылардың басын қоса отырып, біздің спортқа деген сенімді нығайтып, баршаға тең мүмкіндік жасай аламыз", - деді Геннадий Головкин.
Кездесуде жарыс жүйесін жетілдіру, спортшылардың құқықтарын қорғау және жаттықтырушылар мен ресми тұлғаларға арналған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері де талқыланды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас