2 күн бұрын
Дастан Сәтпаев алаңға шығатын болды ма?
Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов ұлттық команда мен «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаевтың жағдайы туралы матч алдындағы баспасөз конференциясында айтып берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Оның жарақаты бар. Бірнеше күн бұрын онымен сөйлестік. Мен онымен өз баламдай сөйлесемін. Дастанмен былай келісіп қойдық: ол бізбен бірге жаттығады. Eгер қандай да бір жарақаты мазалай бастаса, маған бірден айтады. Содан кейін біз шешім қабылдаймыз», — деді
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің соңғы турындағы Қазақстан құрамасының Бельгияға қарсы ойыны ертең Астанада өтеді.
Айта кетейік, Байсуфинов тағайындалғалы бері 17 жастағы футболшы Қазақстан құрамасы сапында әлі бірде-бір матчқа қатысқан жоқ.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов