1 күн бұрын
Головкин төрелікке жаңа деңгей ұсынды
Қазақстандық экс-чемпион және World Boxing ұйымы президенттігіне кандидат Геннадий Головкин бокс жекпе-жектеріндегі төрелікке жасанды интеллект технологияларын енгізуді неге қолдайтынын түсіндірді.
Головкиннің сайлауалды бағдарламасында боксшыларға білім мен психологиялық қолдау көрсететін академия құру, қаржылық есептіліктің ашықтығын арттыру және жасанды интеллектті төрелік процесіне енгізу сынды бастамалар бар.
— Мен жасанды интеллектке сенемін. Неліктен? Себебі төрелік әрқашан адами факторға тәуелді. Бұл ИИ шешім қабылдайды деген сөз емес, бірақ ол кейбір сәттерде — мысалы, қайталауды қарау кезінде, ұпай саналғанда — төрешілерге көмектесе алады. ИИ технологиялары өте жылдам дамып жатыр, ол өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Спортқа да оның пайдасы тиеді деп ойлаймын, — деді GGG BBC-ге берген сұхбатында.
Айта кетейік, World Boxing ұйымының жаңа президентін сайлау 23 қарашада Италияның Рим қаласында өтетін конгресс барысында өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас